Қазақстанның 7 облысындағы ірі су қоймалары лық толды

1069
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Елдегі су қоймалары лық толы. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрлік 11 сәуірде Қазақстанның 7 облысындағы ірі су қоймаларындағы су мөлшері туралы мәлімет таратты.  

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы 92%-ға толы. Мұнда 489 миллион текше метр су жиналды.

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% су жинады.

Батыс Қазақстан облысындағы 4 ірі су қоймасы орта есеппен 68%-ға толды.

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.

Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 99%, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 98%-ға толы. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 218 миллион текше метрден астам су жиналды.

Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100% толды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 192 миллион текше метрден астам су жиналды.

 

Пікірлер