Суы тасыған Ойылдағы оқиға. Жанармай құю бекетінде жарылыс болды (ВИДЕО)

934
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жерасты газ цистернасы жарылды. Оның салдарынан жанармай құю бекеті мен жақын жердегі ғимарат өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 11 сәуірде сағат 20:20 шамасында болған.

«Ойыл ауылының шетінде газ баллоны жарылып, артынша жанармай құю бекеті өртеніп, ол жақын маңдағы қосалқы ғимаратқа ұласты. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Ойыл аудандық полициясының қызметкерлері барды. Зардап шеккендер жоқ. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеру жүргізеді»,—делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы, соның ішінде Ойыл ауданы - соңғы апталарда су тасқынынан зардап шеккен аймақ.

Пікірлер