Шет елдік жұмысшылар бізден бес есе айлық алады!

6324
Adyrna.kz Telegram

Сорлылық!

Шет елдік жұмысшылар бізден бес есе айлық алады!
Қанша жылдан бері осы проблеманы жазып келе жатырмын. Бір де бір сайт, бірде -бір телеарна мән бермеген еді. Төсін көрсеткен қыздар шықса жарыса жазатын сайттар, бүгін ғана көргендей таңдана жазуда!
Қазақ жігіттерінің, қазақ халқының құқығы тапталып жатқандығы, 2011 жылы болған Жаңаөзен көтерілісі осы теңсіздіктен басталған. Ол әлі жалғасын табуда. 2017 жылғы Астанадағы үндістер мен қазақтардың теке тіресіде осындай теңсіздектен болған. Кешегі Атыраудағы Теңіз оқиғасыда түбі әлеуметтік теңсіздік!
Қызылорда облысындағы "Сибу" қытай компаниясындағы, маған арызданып келген жігіттердің барлығын жұмыстан шығарып жіберген. Себебі олар өз құқықтарын талап еткен. Айлықтарын 60 мың теңгеден 150 теңге көтеруді, " қытайлар 4500 теңгеге тамақ жейді,біз 950 теңгеге тамақ жейміз, Айгүл әпке әділдік қайда?"-деген еді. Апталдай ер азаматтармыздың басын салбыратып қойған сорлы жүйе! Өзімізді өзге елдің алдында ұлтарақ қылған сорлы заң! Ұлтымызды қашанға дейін осылай қорламақшыңдар?
Мен де бұндай шағымдар өте көп. Қазақ жігіттерінің басын төмен салбыратып қойған бұл билікке не айтуға болады? "Қатындарыңа ие болыңдар"- дейді! Қатыныңа қалай ие боласың,табатын айлығың тамағыңа жетпейді. Ақша сұрасаң, билік ауызыңнан ұрса, үйге келсең "сен еркек емессің, ақшаң жоқ тауып жатқан"- деп қатының айқайласа. Ер азаматтарымыз көтерілмегенде, кім көтеріледі? Өз құқықтарын талап етсе, ұлтараздық қоздырып жатсың деп тағы қудалайды! Сонда басын құмға тыққан страустар сияқты, ер азаматтарымыз ештеңе сұрамай отыра беру керек пе? Егер үйдегі еркек жақсы айлық алып отырса, үйдегі қатындарына ие болатын еді. Құр жетіспеушілік сол әйелді түзге шығарып, е қатынға, е бала шағаға ие бола алмай отырған жоқ па?
Бүкіл қазба байлығымызды бергеніміз аздай, өз халқын құлдыққа беріп қойған сорлы ел тек қана біз шығар!

 

Айгүл Орынбек

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер