Ресей Қазақстан шекарасына жақын жерде құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

1437
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қазақстан шекарасына жақын жерде құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

«2024 жылғы 12 сәуірде Астрахань облысындағы «Капустин Яр» 4-мемлекеттік орталық полигонынан стратегиялық зымырандық күштердің жауынгерлік экипажы құрлықаралық баллистикалық зымыранын сәтті ұшырды. Аталмыш ұшыру перспективалы зымырандық жүйелерді мемлекеттік сынақтан өткізу, сондай-ақ зымырандардың қызметтегі тұрақтылығын растау шеңберінде жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер Ресей Федерациясының стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ресейлік зымырандардың жоғары сенімділігін растайды. Ұшыру мақсаттары толығымен орындалды», - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Пікірлер