Бішкекте өткен күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Диана Каюмова қола жүлдегер атанды

1349
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Диана Каюмова Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” порталы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) ақпаратына сілтеп.

«Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диана Каюмова Бішкекте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол 59 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға табан тіреді. Үшінші орын үшін белдесуде ол үндістандық Ядав Пушпаға қарсы шықты. Кездесу 11-8 есебімен Каюмованың жеңісімен аяқталды», - делінген сенбі күні тараған хабарда.

ҰОК бүгін Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) мен Альбина Қайыргелдинова (68 келіге дейін) қола үшін таласатынын айтты.

«Зүлфия Яхярова (55 келіге дейін) үшінші орын үшін белдесуде жеңіліп қалды», - делінген хабарламада.

Пікірлер