Танымал дәрігер өмірден өтті

2087
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Дәрігер Әукен Мәшкеев қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Дәрігердің қайтыс болғанын Денсаулық сақтау министрлігі растады.

ҚР Еңбек сіңірген қызметкер Әукен Мәшкеев Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған.

"Елдің денсаулық сақтау жүйесі, педиатриялық қоғамдастық саланың еңбек сіңірген қайраткері, өз ісінің қажымас энтузиасты, талантты дәрігер, беделді тәлімгердің өмірден озуына байланысты орны толмас қайғыға ұшырады.

Осыған байланысты өз атымнан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан Әукен Қиясұлы Мәшкеевтің барлық туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамын", - дейді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Пікірлер