Экс-президент Назарбаевтың сайты істен шықты

1328
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты ашылмай тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Nazarbayev.kz сайтында бірінші президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сапарлары мен ресми ақпараттар, тағы басқа мәліметтер жарияланып отырады.

Алайда қазір сайтқа кіргенде бет ақ болып, деректер көрінбейді.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпанында Назарбаевтың elbasy.kz сайты nazarbayev.kz деп өзгертілген болатын.

Пікірлер