СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді

573
Adyrna.kz Telegram
фото:  GOV.kz
фото: GOV.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

СІМ Иран мен Израиль арасындағы жағдайға пікір білдірді

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады», - деп жазылды мәлімдемеде.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдау көрсететін атап өтеді.

Пікірлер