Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды

1754
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Павлодардың жаңа әкімін таныстырды. Қайрат Нүкенов Әнуар Күмпекеевтің орнына келіп отыр. Еске салайық, 3 шілдеде Болат Бақауов Күмпекеевке қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеген еді. Оның әкімдікке құны 6 миллион теңге болатын жиһаз сатып алғаны айтылған болатын. Сондай-ақ, Әнуар Күмпекеев былтыр 49 миллион теңгеге қызметтік пәтер алғаны үшін сөгіс алған еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер