«Ресейден Оралға үлкен көлемді су келеді». Қала әкімі тұрғындарға үндеу жасады

906
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге (қауіпті деңгей 8,5 метр) жуықтады.

Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс.

«Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық орындар жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады», - деді қала әкімі Миржан Сатқанов.

Пікірлер