Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны қанша?

609
Adyrna.kz Telegram

Қазақстада Астана мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан жұмыс іздеп шетелге кетушілер артқан. Бұл туралы Finprom.kz ресурсы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сүйенсек, 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдіктердің күшін пайдаланатын жұмыс берушілердің саны 1,6 мыңға жеткен. Аталған кәсіпорындарда 459 мың Қазақстан азаматы (99,5%), 13,1 мың шетелдік еңбек етіп жатыр.

Шетелдік жұмысшылардың ішінде басшы және басшының орынбасары болып еңбек етіп жүргендердің саны бір жылда 0,4% артып, 567 адамға жеткен. Ал құрылымдық бөлімшелердегі жетекшілердің саны 10,4% азайып, 2,7 адамға түскен.

Елде 5,8 мың шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,8% аз. Қазақстанда жұмыс істеп жүргендердің көбі Қытай азаматтары – 4,1 адам. Бұл былтырғыдан 20,8% пайыз артық. Одан кейін Үндістан (1,2 мың адам), Түркия (1,1 мың адам) және Өзбекстан (908 адам) азаматтары бар.

Сондай-ақ,  шетелдік жұмыс күші көбінесе құрылыс саласында жиі пайдаланылатынын айтылған.

«Елден 548 адам жұмыс іздеп кеткен. Бұл былтырғыдан 25,6% аз. Жұмыс іздеп сыртқа кетушілер көбінесе Астанадан (256 адам), Шығыс Қазақстан (58 адам) және Абай облыстарынан (42 адам) шығады», - делінген сараптамада.

Пікірлер