Үкімет өз үйінен кеткелі 2 апта болды

740
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Үкіметі осы аптада да елдегі күрделі су тасқынына байланысты дәстүрлі жалпы отырысты өткізбейтін болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Себебі шенділер су тасыған аймақтарға сапарлатқан.

«Үкімет отырысы екінші апта қатарынан өтпейді. Өйткені, шенеуніктер су тасқынына байланысты аймақтарда жүр. Премьер-министр Оралда. Оның орынбасарлары Скляр мен Бозымбаев Петропавлда», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

10-шы сәуір күні Үкімет Мәжілісте бас қоспады. Осы аптаның сәрсенбісінде де жиын өтпейтін болды

Айта кетейік, БАҚ беттерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сейсенбі күні су тасқынынан зардап шеккен Петропавлға баратыны айтылған.

«Мемлекет басшысы Петропавлға сағат 9.30-да ұшады», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясы.

Пікірлер