Нөсер салдарынан Кентау көшелерін де су басты

847
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Түркістан облысы, Кентау қаласында жаңбырдың салдарынан көшелерге с жиналды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Су тасқынының бейнесі әлеуметтік желіде жарияланған. Оқиға 15 сәуірде болған.

Кадрларда көлік жолдары мен базар іші де суға толып кетіп, салдарынан кәсіп иелерінің біршама заттары бүлінгенін байқауға болады. Ал тұрғындар автобекет пен базар ішіндегі тобықтан асатын суды кешіп жүруге мәжбүр болғанын айтқан.

Сондай-ақ бейресми жазбаларда жаңбыр суы Бала Бүргем елдімекеніндегі үй аулаларына дейін жетіп, кей үйлерге зақым келгені айтылуда. Тіпті бір үйдің ауласы мен қосымша құрылыс нысанының ішіне кірген су екінші жағынан тесіп шығып жатқанын тұрғындар видеоға түсіріп алған.

"15 сәуір күні сағат 16:00-ден 17:10-ға дейін болған жауын-шашынның салдарынан Кентау қаласындағы 3 жеке тұрғын үй мен 1 үйдің жертөлесін су басты. ТЖД күштері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері тарапынан суды сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты", – делінген әкімдік мәліметінде.

Пікірлер