Алматыдағы Esentai Mall сауда үйін ресейліктер сатып алуға ниетті

693
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы шетелдік брендтердің  бутиктері бар «Esentai mall» ірі сауда орталығын Ресейлік инвесторлар сатып алуға ниетті.  Орталыққа Мәскеудегі «ГУМ» иесі қызығушылық танытқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Esentai Mall сауда, ойын-сауық орталығы Алматының дәулеттілер тұратын ауданында орналасқан. Онда бутиікті жалдау алаңы бір шаршы метр үшін 49 мың теңгені құрайды. Орталықта Chopard, Brunello Cucinelli, Dior, Fendi, Loro Piana, Louis Vuitton және тағы басқа әлемдік брендтер шоғырланған.

Esentai Mall иесі «Си Пи Ритэил Алматы». Компанияның құрылтайшысы кәсіпкер Қайрат Боранбаев, сондай-ақ "Есентай Инвестментс" ЖШС. Ал соңғы аталған компанияға Forbes рейтингінің өкілі Сержан Жұмашев, сондай-ақ Гурсель Омен мен Мехмет Эркек иелік етеді.

ҰлысМедиа дереккөздері мүдделі тараптардың арасында Мәскеудің "ГУМ" иесі барын атап өтеді. Мәскеудің Қызыл алаңындағы сауда орталығы Bosco di Ciliegi меншігінде. Бұл компанияның қожасы ресейлік кәсіпкер Михаил Куснирович. Екі жыл бұрын ол Италия азаматтығын алған, Швейцария резиденті мәртебесі де бар. Оның санкция тізімінде бар-жоғы жөнінде ақпарат жоқ.

Сауда келісімі жөнінде әзірге ресми ақпарат жоқ.

Пікірлер