Maqsut Narikbayev University Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге белсенді көмек көрсетуде

559
Adyrna.kz Telegram

1 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық штаб отырысында жергілікті кәсіпкерлер мен ірі компанияларға су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге шақырды.

«Отандық бизнестің барлық өкілдерін осы жауапты сәтте шетте қалмауға және адамдарға көмек қолын созуға шақырамын. Табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсету қажет. Бүгінде бұл бәріміз үшін ортақ міндет», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Maqsut Narikbayev University Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, қиын жағдайға тап болғандарға тікелей көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Өзінің басты миссиясы – қоғамға қызмет етуді негізге ала отырып, университет бұл үндеуге белсенді атсалысып, табиғи апаттан зардап шеккендерге материалдық және қаржылық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта университет су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорларына қомақты қаражат бөлді. MNU студенттері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, ЕҰУ-мен бірлесіп Қостанай және Атырау өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ университет су тасқынынан зардап шеккен студенттерді оқыту үшін 10 грант бөлуге ниетті. Сонымен қатар, грант иегерлеріне қосымша қолдау көрсету мақсатында студентер үйінен кезектен тыс орын бөлу туралы ұсынысты алға тартты. Айта кету керек, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинау жалғасатын болады.

Пікірлер