Су тасқынынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды – ТЖМ

1233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-31-at-21.41.28-960x500.jpeg?token=e6c357a20a1a9b595cbc388a8fb877cc
Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгін сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, су тасқынынан 9 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, эвакуациялау пункттерінде 8786 адам, оның ішінде 3814 бала бар. 21494 адам үйлеріне оралды. 10,9 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылып, 3,7 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті.
Комментарии