БҚО-да су тасқынынан 2 мыңнан астам мал қырылғаны анықталды

1537
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2109.jpeg
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малының өлгені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Қазір 4 925 мал басы қауіпсіз жерлерге айдалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының өлім-жітім көрсеткіші 2421 басты құрады, оның ішінде 119-ы құс», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, гуманитарлық көмекті қабылдау жөніндегі облыстық штабқа 5 сәуірден бері 669,5 тонна гуманитарлық көмек келіп түскені хабарланды.
Комментарии