Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде апатқа ұшырады

1877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_2148.jpeg
20 сәуір күні Жапонияның Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ апатты жағдайға ұшырағаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеп.
«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара.
Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен. Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.
Комментарии