Президент Тоқаев су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясын онлайн форматта өткізеді

1754
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/izobrazhenie_2024-04-24_172344241.png
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. «Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада. Мемлекет басшысы бірқатар аймақтарда орын алған су тасқыны жағдайына байланысты Ассамблеяның ағымдағы отырысын онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Іс-шараға аймақтық ҚХА мүшелері онлайн режим арқылы қатысады. «Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді», - деп толықтырды Ақорда.
Комментарии