Қазақстандық дипломат ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды

1345
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық дипломат Нұрлан Сейтімов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Нұрлан Сейтімов – тәжірибелі маман. Біздің ТМД Атқару комитетіндегі бірлескен жұмысымыз жарқын әрі нәтижелі болатынына сенімдімін. Жұмысқа деген ынтаңыздың жоғары екені көрініп тұр, алда көп жұмыс күтіп тұр»,— деді бас хатшы Сергей Лебедев.

Еске салайық, бұған дейін ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін Дәурен Абаев атқарған еді.

Пікірлер