Атырау облысында Жайық суы әлі де көтерілуде

666
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі көтерілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мәліметіне сілтеп.

«Қазгидромет» РМК-ның 2024 жылғы 27 сәуір, сағат 8.00-дегі жағдайына сәйкес Атырау облысы аумағынан келетін ағынға байланысты Батыс Қазақстан облысы, Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді», - делінген сенбіде тараған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес:

• Жайық өзені – Индербор ауылының өлшеу стансасында деңгей 626 см, деңгей көтерілуі +13 см, тасқын басынан бері жалпы көтерілу 403 см;

• Жайық өзені – Махамбет кентіндегі өлшеу стансасында деңгей 735 см шамасында, су деңгейінің көтерілуі тәулігіне +7 см, тасқын басынан бері жалпы көтерілуі 418 см;

• Атырау қаласы Жайық өзенінің өлшеу стансасында деңгей 431 см, су деңгейінің бір тәулікте көтерілуі +3 см, тасқын басынан бері жалпы көтерілу 240 см.

Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде.

«27 сәуірдегі жағдай бойынша Ириклинск су қоймасынан секундына 192 текше метр су төгілді», - делінген хабарламада.

Пікірлер