Бишімбаевтың соты 2 мамырға шегерілді

1698
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/bishimbaev-sotta-960x500.jpg?token=936cc112190e5087263d32b4a8150a32
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 29 сәуірге жоспарланған тараптар жарыссөзі өтпеді. Сот отырысы 2 мамырға шегерілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пор алы. 
Таңертең айыпталушылар сот ғимаратына жеткізілмегендіктен сот отырысы 14:30-ға шегерілді. Түстен кейін мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптардың бір бөлігін алып тастау тауралы өтінішті оқыды. Осыған байланысты сот отырысы кейінге шегерілді. Келесі сот отырысы 2 мамырда сағат 10:00-де өтеді.
Комментарии