Танымал әнші боғауыз сөз сөйлегені үшін жауапқа тартылды

1268
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Танымал әнші Қайрат Нұртас концерт кезінде балағат сөз айтып, көптің ашуына тиген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Артынша желілерде концерттен үзінді видеолар желдей ескен. Қазақстандық әнші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

Айта кетейік, биыл АЕК мөлшері – 3 692 теңгені құрайды. Көпшілік ортасында боқауыз сөз айтқан әнші 73 840 теңге айыппұл салынды. Бұл айыппұлды әнші бір апта ішінде төлейтін болса, 36 920 мың теңгеге шығады.

Желіде әншінің әрекетін тыңдармандары "дұрыс емес, жазасын алсын" десе, ендігі бірі "халықтың ерке ұлы, өзіне бәрі жарасады" деп жазып жатыр.

Пікірлер