Қырғызстан 2035 жылға қарай барлық қарыздан құтылуды көздеп отыр

661
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның 2035 жылға қарай барлық қарыздарынан құтылатыны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kg-ға сілтеп.

Мемлекет тәуелсіздік алғалы бері сыртқы және ішкі өтеуге барлығы 350 миллиард 451,4 миллион сом жұмсағанф анықталған. Қазір мемлекет сыртқы қарыз бойынша республика 170 миллиард 956,78 миллион сом төлеп үлгерген. Президент Садыр Жапаров қарызға қатысты үрейленбеуге шақырды.

Сондай-ақ, Қырғызстанның қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды тұрақты деп санайды.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдан 2030 жылға дейін Қырғызстан мемлекеттік қарызды өтеу үшін 534 миллиард 914,2 миллион сом жұмсауға мәжбүр болады. Бұл соманың 60 пайызға жуығы сыртқы қарызды төлеуге бөлінеді.

Пікірлер