Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

678
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын атап өтті. 

«Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр.

Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! 

Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!», - деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер