Антикор азық-түлік бағасын бақылауға алды

617
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азық-түлік бағасын реттеудегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу туралы айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Антикор азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін талқылады. Ведомствоның хабарлауынша, маусымаралық кезеңде үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға және тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдауда.

"Бұл мәселе әсіресе су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін өзекті болып отыр. Тауарлар Қазақстан нарығына делдалдарсыз және барынша қолжетімді бағамен тікелей Тәжікстан  мен Өзбекстаннан жеткізілетін болады. Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерінің алдын алу мақсатында аумақтық бөлімшелерге осы үдерістерді бақылауды тапсырды" делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Ведомство Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі заңсыз схемаларды құрумен байланысты қылмыстардың жолын кесетінін атап өтті.

«Баға белгілеуге теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың сәйкестігіне, мемлекеттік аппараттың негізсіз кедергілер жасауына, нарықтың жосықсыз қатысушыларының айла-шарғысына және теріс пайдалануына ерекше назар аударылады», - деп атап өтті Антикор.

 

Пікірлер