Соғыс ардагерлеріне бюджеттен қанша теңге бөлінгені белгілі болды

887
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай бір реттік төлем берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстанның барлық өңірі мен мегаполистерде ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінгені белгілі болды.

Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленетінін еске саламыз.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді.
Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады. Оларға ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Пікірлер