Тағы бір бәйтерек құлады. Абайтанушы өмірден өтті

1410
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Абайтанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Балтабек Ерсәлімов - 1938 жылы 28 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» марапаттары мен «Құрмет» орденінің иегері.

Филолог, өлкетанушы Балтабек Ерсәлімов белгілі ақын Абай шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген. Сондай-ақ, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. Ал 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында қайтыс болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Балтабек Ерсәлімовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Пікірлер