Астанада жатақхана өртенді

632
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттықт порталы.

Мәлімет бойынша, өрт орын алған нысанда электр қуаты сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздері эвакуацияланған.

”Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01 сағатта 160 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау жойылды. Оқиғаның себебі анықталуда”, делңнген хабарламада.

Пікірлер