СІМ кіріскен соң. Дипломат күйеуінен қорлық көрген әйел елге оралды

2219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/06e00bd4-ef04-4de8-9af5-6cc4a55f3065-960x500.jpeg?token=b447f335a4791f7811bce33f90dc17b0
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Карина Мамаш "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым" деп үндеу жасаған болатын. “НеМолчиKZ” қоры әйелдің Қазақстанға аман оралғанын хабарлады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каринаның елге оралуын ұйымдастырғаны айтылды. Каринаның анасы қызына қолдау көрсеткендерге алғыс білдіріп, Каринаның жағдайы жақсы екенін айтты. Дегенмен, қор қызметкерлерінің сөзінше әлі алда көп жұмыстар бар. Себебі жүйелі зорлық-зомбылық жасағаны үшін Сәкен Мамашты жауапқа тарту керек, сонымен қатар Каринаның балаларымен тұратын орнын анықталуы керектігін айтады. “НеМолчи” қоры Карина Мамаштың істі соңына дейін жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Комментарии