Теміртауда жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды

1981
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/346949637279517-960x500.jpeg?token=b3374e23c7ab69229f8dff1e83c980c5
Теміртауда ақылы жол бойында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы El.kz-ке сілтеп. Бүгін "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған жол апатынан екі бала қаза тапты. Ақпаратты алғашқылардың бірі болып журналист Денис Денскидің желідегі парақшасына салған. Оның жазуынша Toyota Camry мен  Chevrolet Nexia автокөліктері ақылы жол бойында соқтығысқан.
“Chevrolet Nexia көлігінде болған екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Екі көлікте болған 10 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, - деп жазды автор.
Комментарии