Ардагерлер арасында. Президент Мәскеуде әскери шеруді тамашалады

660
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев  Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

 

Пікірлер