Үкімет шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге бөлді

679
Adyrna.kz Telegram

Биыл шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы  премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша барлық мәселелер жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс», — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы елімізде шегірткеге қарсы күреске 3,8 млрд теңге бөлінген еді.

Пікірлер