Абай ауданының тұрғындары "Мөлдір бұлақ" акциясын қолдады

615
Adyrna.kz Telegram

Абай ауданының тұрғындары "Мөлдір бұлақ" апталығы кезінде бұлақтардың басында сенбілік өткізді. Санитарлық тазалауға 100-ден астам адам қатысты.

Акцияға қатысушылар бұлақ көздерінің бойынан қоқыс жинады.

Бұл бұлақтан тек аудан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар тас жолмен жүріп өтетіндеп де таза және өте дәмді су алады. Сондықтан біз әр көктем сайын оны тазалауды өз міндетіміз деп санаймыз, өйткені бұл біздің аудан, біздің жауапкершілігіміз. Ал жастар экологиялық мәдениетке қосылылғаны қцантады, – деді еріктілер корпусының басшысы, "Жастар Альянсы" ҚБ төрағасы Темірлан Кәкенов.

Сондай-ақ, бұл күні Абай ауданының тұрғындары Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауын жинады.

Акция басталғалы ауданда 4 718,5 тонна қоқыс шығарылды.

Пікірлер