20 жыл бойы жасырынған. Астанада ресейлік қылмыскер ұсталды

1584
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/c06f200e-c9b2-4606-a20a-e9d5804135e2.jpeg

Астанада 20 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, Алматы аудандық полиция қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының

53 жастағы азаматын ұстады.

"Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Комментарии