Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты

1632
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский 22 лауазымды тұлғаны, оның ішінде аудан әкімшіліктерінің басшыларын жұмыстан босатуға тапсырма берді. Тиісті жарлықтар президенттің веб-сайтында 16 шілдеде жарияланған.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін тоқтатуы Украина экс-президенті Петр Порошенконың өкілеттігінің аяқталуымен байланысты. Қызметінен босатылғандардың қатарында Оболон, Хмельниц, Харьков және Печерский облыстарының әкімшілік басшылары бар.  БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұдан бөлек Зелинский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер