Су тасқыны. 61 мыңнан аса қазақстандық үйіне оралды

1739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-resejj-960x500.jpg?token=c58280e2ce48fea558da05197fa56776
Бүгінде су тасқыны болған өңірлерде 61 мыңнан аса адам үйіне оралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “16 мамырда кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда 61 153 адам өз үйіне оралды. 5 363 адам, оның ішінде 2 317 бала – эвакуациялау пункттерінде. 11 270 тұрғын үй мен 3 539 ауладан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн-нан аса текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, - деп жазылған хабарламада. Тасқынға қарсы 7,9 млн қап, 1,5 млн тоннадан аса инертті материал төселді.
Комментарии