Ақмола облысында мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

761
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.

Үш мыңнан астам ақмолалықтар күн сайын халықтың дамуына рухани үлес қосатын мәдениет және өнер саласында жұмыс істейді.

Бүгін Көкшетауда кәсіби мереке құрметіне өмірі шығармашылықпен үздіксіз байланысты адамдар құрметке ие болды.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ардагерлер мен өнер және мәдениет үздіктері қатысты.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде мәдениет — халықтың жаны, ал халық мәдениеті — тарихтың көрінісі екенін атап өтті.

«Біздің мемлекет әрқашан мәдениет пен өнерге ерекше көңіл бөледі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет. Мәдениет – ең  ізгі қасиетті құндылық. Бабамыздан тапсырылған  асыл мұра. Біздің мәдениетіміз бай. Бұл Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай мұралары. Олардың жоғары деңгейін біздің замандастарымыз Иран сал Тасқара, Қапаш Құлышева, Баянғали мен Нұрлан Әлімжановтар және басқалар жалғастырды», - деді облыс әкімі.

Мәдениет инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде 600-ге жуық мекеме жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда 9 объекті салынып, 55 объекті жөнделді. Биылғы жылы 6,2 млрд теңгеге 27 мәдениет объектісінің құрылысын салу мен жөндеу қаржыландырылды.

Кездесу барысында мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін осы саланың қызметкерлері мемлекеттік наградалармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер