Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні әлі белгісіз – ІІМ

689
Adyrna.kz Telegram

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні әлі белгісіз. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айтуынша, Бишімбаев өзіне қатысты сот үкіміне шағымданып жатыр.

“Ол өзінің сот үкіміне шағымданып жатыр. Сол себепті әлі де тергеу изоляторында отыр”, деді Марат Қожаев.

Журналистер экс-министр қай түрмеге жіберілуі мүмкін деп нақтылады.

"Соңғы су тасқыны жағдайларына байланысты осы санатқа кіретін азаматтар түрлі өңірлерге көшірілген болатын. Сол себептен Бишімбаев осы колонияға барады деп айта алмаймын", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын.

 

Пікірлер