"Алтын адамның" айбынын асырған Кемел археолог

1434
Adyrna.kz Telegram

Бүгін көрнекті ғалым, Қазақстан археология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кемел Ақышев 1924 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді.

Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді.

КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.

Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады

Кемел Ақышев отандық ғылымның ғана емес, адамзат дамуына қомақты үлес қосты. Тұңғыш «Алтын адамды» тауып, Қазақстанды әлемге әйгіледі.

1982 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1966 жылы ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты, 1983 жылы Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі атанып, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер және «Парасат» орденімен марапатталған.

 

 

Пікірлер