«Ішкі ісімізге араласпаңыз». Қырғызстан президенті қазақстандық блогерге жауап берді

1104
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық блогер Анастасия Ахметованың мәлімдемесіне байланысты видео үндеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Ахметова TikTok желісінде Ыстықкөл аймағындағы уранды игеру мәселесін көтерген болатын. Ол Еуразиялық аналитикалық клубтың жетекшісі Никита Мендковичтің «инсайдерлік ақпаратына» сілтеме жасап, «Ротшильдтердің француздық бөлімшесі уран өндіру құқығын алуға ынталы» деген мәлімдеме жасады. Блогер бұл келіссөздердің артында Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың тұрғанын атап өтті.

Алайда Қырғыстан президенті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Елді тұрақсыздандыруды қалайтын сыртқы күштер көп. Құрметті отандастар, ақ пен қараны, дос пен жауды айыруларыңызды сұраймын. Қазір интернеттегі әрбір ақпаратты тексеру керек. Өз-өзіңізді алдамаңыз. Біздің ісімізге ешкім араласпауын қадағалау керек»,—деді Садыр Жапаров .

Пікірлер