Тоқаев Жапонияның премьер-министріне көңіл айтты

2587
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер