76 жылдан кейін ардагер денесі табылып, қайта жерленді

2419
Adyrna.kz Telegram

Семейде 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырту алған соғыс ардагері Сартай Бейімбетовтың денесін қайта жерлеу рәсімі өтті.
Іс-түссіз жоғалған ардагер жайлы ақпаратты білуге туыстары соңғы 7 жылға жуық іздеу салған. Нәтижесінде ардагердің Ресей Федерациясы Калинин облысы, Старицкий ауданы, Лебедево ауылында жерленгені анықталды. Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатының хабарлауынша, ардагер алған жарақатынан 1943 жылы қайтыс болған. Ол өзінің жауынгерлік жолын Қызыл әскер құрамында 653 атқыштар полкінде, 102-ші дивизияда өтеген.

- Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Осы уақытқа дейін көзім жастан құрғамай, әкем жайлы ақпаратты білмей кетемін ба деген оймен жүрдім. Көңілім бүгін орнына түсті. Ресей Федерациясының Лебедево ауылында әкем жерленіпті. Жасым 82-ге келсе де, басына барып, құран бағыштадым. Ескерткішін көрдім. Барша атсалысқан жандарға айтар алғысым шексіз. Кейінгі ұрпақ соғыс атаулыны көрмей, бейбітшілікте өмір сүрсе екен деп тілек білдіремін,- деді ардагердің қызы Шайжамал Сартайқызы.

Сартай Бейімбетовтың туыстары қабірінен бір уыс топырағын алып, Семейден 30 шақырым жерде орналасқан туған жеріне апарып жерледі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер