Украина Үкіметін Саакашвили басқара ма?

3898
Adyrna.kz Telegram

Украинада өткен кезектен тыс парламент сайлауында Владимир Зеленскийдің "Халық қызметшісі" партиясы 42 пайыз дауыс алды. Енді ол бір немесе екі партиямен одақтасып, Үкіметті жасақтайды. Ал Украина-Ресей қақтығысы немен аяқталады және елдің келесі премьер-минитсрі кім болуы мүмкін?
Кезетен тыс өткен парламент сайлауында Жоғарғы Радаға бес партия өтті. Олар "Өмір үшін оппозициялық платформасы" (12,6 пайыз), Петр Порошенконың "Еуропамен ынтымақтастық" партиясы (8,67 пайыз), Юлия Тимошенконың "Батькивщина" жалпыукраиналық бірлестік" партиясы (8,4 пайыз) және музыкант Святослав Вакарчук "Голос" партиясы (6,40 пайыз).
Негізі бір палаталы Жоғарғы Рададағы 450 орынның жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы – мажоритарлық (бір мандаттық) жүйе бойынша сайланады. Бірақ ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк мен Луганск облыстарындағы кейбір аудандарда, сонымен бірге 2014 жылы Ресей өзіне қосып алған Қырым түбегінде дауыс беру өтпегендіктен бұл жолы Радаға 424 депутат сайланады. Демек, 424 депутаттың басым бөлігінің қолдауына ие болған партия Үкіметті жасақтайтын болады.
Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали, әу баста Зеленский орысшыл әрі шоумен, одан қарағанда Ресейге қарсы тұра алатын Порошенко тәуір еді деп ойлағанын айтады. Алайда, саясаттанушы Зеленскийдің Ресейден Қырымды қайтаруды талап етіп, Еуропа Одағымен бірге жұмыс жасағысы келетінін жоғары бағалайды.
– Зеленский саясаттан ескі кадрларды тазалап, жемқорлықпен күресуді көздеп отыр. Тіпті Порошенконың өзін соттайын деп жатқан тәрізді. Президент сайлауында 73 пайызбен жеңіске жеткен Зеленскийдің партиясы 43 пайыз дауыс алды. Енді ол бір немесе екі партиямен келісімге келсе, Үкіметті жасақтауға мүмкіндік алады. Жалпы, Украина халқы мен саяси элитасы және контрэлитасы Майданнан өткеннен кейін тәжірибесі жоғары. Шыны керек, украин халқы әбден орыстанып, құрып кетудің алдында тұрған болатын. Алайда, орыстар Қырымды тартып алғаннан кейін есін жиып, мемлекеттік тіл туралы заң қабылдады. Ал, Еуропа одағы Украинаны өз қатарына тартып, оны Ресейге бергісі келмей отыр. Зеленский ұлтшыл әрі мемлекетшіл тұлға ретінде өз елін Еуропа одағына кіргізуге ықпал етеді. Сондай-ақ президент Донбастағы бандыны қуып, Қырымды қайтарамын деп отыр. Әрине, Ресей Қырымды Украинаға бермейтін шығар. Алайда, орыстар 6 жылдан бері Батыстың санкциясында отырғандықтан олардың экономикалық және әлеуметтік жағдайы төмендеп бара жатыр. Орыс империяшыл халық болғанымен кедей өмірге төзгісі келмейді, – дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы Украинаның болашағы кімді премьер-министр етіп таңдайтынына байланысты екенін ескертті. Алайда ол Саакашивилидің премьер-министр болу-болмауын 2-3 партия шешетінін айтты.
– Кейбір сарапшылар Зеленский музыкант Святослав Вакарчуктың "Голос" партиясымен одақтасуы мүмкін деп айтып жатыр. Әйтеуір ол Порошенкомен ешқашан одақтаспайды. Жемқорлық іске қатысы болса да, Тимошенконың өзі үкіметті басқарғысы кеп отыр. Ал, Саакашивилидің премьер-министр болу-болмауы белгісіз. Жалпы Украина демократияны шешкенкенімен жемқорлықпен күресуде Сакашивилидің тәжірбиесін пайдаланғаны жөн. Саакашивили жемқорларды аяусыз жазалайтын азамат. Әйтсе де, Зеленскийдің өзі де жемқорларды аямайтын тәрізді. Жиналыстарында бұрын сотталған азаматтарды «Ұрлықшысың» деп қуып шығып жатыр. Ал біздің елде бұлай ету мүмкін емес. Менің ойымша, 2-3 партия келісімге келіп, үкіметті жасақтайтын болады. Егер партия жетекшілері Саакашивилидің кандиатурасын мақұлдаса, онда ол Украинаның келесі премьер-министрі болады. Алайда, одан басқа да Үкіметті басқарғысы кеп отырған азаматтар жетерлік, – деді саясаттанушы.
Саясаттанушы Ресей неғұрлым Украинамен бас қатырса, соғұрлым бізге қолы тимейді деген пікірде. Яғни, Ресей 10 жылдай бізді мазаламаса Қостанай облысындағы 35, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы 31 пайыз қазақ көбейер еді.
Әрине егер Ресей Украинаға шүйлікпесе, онда біздің елге де қатер төндіруі мүмкін еді.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер