"Тобылдың" бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев!!!

2613
Adyrna.kz Telegram

Қазақ футболының аңыз ойыншыларының бірі Нұрбол Жұмасқалиев бутсысын шегеге ілсе де, қайтадан футболға оралды. Бапкер ретінде өзі талай жыл намысын қорғаған қостанайлық "Тобыл" тізгінін Жұмасқалиевке сеніп тапсырды.

"Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкер міндетін атқарушы болып тағайындалды. Нұрбол Жәрдемұлы команданың ойыншыларымен және Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. Бұған дейін Спорт директоры қызметінде футбол орталығы мен қосалқы құрамдағы жас ойыншыларды дайындау үрдістеріне жауап берді. Ол жергілікті жас футболшыларды негізгі команда құрамына алуға көмектеседі", - деп жазды Қостанай клубының ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде "Тобыл" Люксембургтың "Женесс" командасынан масқара болып ұшып кеткен болатын. Соның нәтижесінде бас бапкері ресейлік Газзаев отставкаға кеткен.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер