Мұхтар Тайжан: Жәкішевтің тұтқындалуына билік те, сыртқы күштер де ықпал етті!

4642
Adyrna.kz Telegram

Алаштың рухани астанасында Мұхтар Жәкішевтің соты әлі де жалғасу үстінде. Бір қызығы сотқа Жәкішевті әкелмеді. Және сот орыс тілінде өтуде. Дәл қазіргі сәтте Жәкішевтің адвокаты денсаулығына қатысты тың деректер келтіру үстінде. Жәкішевтің жақтастары: "Суханбердиеваны  жемқорлықпен ұсталса да босатты, кінәсіз Мұхтарға бостандық сұраймыз" деп талап етуде! Ал Мұхтар Тайжан  Жәкішевтің тұтқындалуына билік те, сыртқы күштер де ықпал еткенін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында өзі басқаратын «Қазатомпром» компаниясының Астанадағы кеңсесінде тұтқындалды. Арада үш күн өткенде «мемлекет мүлкін жеке мақсатына пайдаланып, Қазақстанның ірі уран кен орындарынан оффшордағы фирмалардың мүддесі үшін «доля» алды» деген айып бойынша қамауға алынды. Жәкішев содан бері түрмеде әлі отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер