"Мен жастарға сенемін". Бүгін - Алаш ардақтысы Мағжанның туған күні

1685
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Мағжан Жұмабаевтың туған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында өмірге келген.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.

Әбілмағжан Жұмабаев 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алып, көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Мағжан Жұмабаевтың ақын ретінде 1912 жылы таныла бастаған. Сол жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында Жұмабаевтың “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.

1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқып, “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады.

Араға біраз жыл салып Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақын Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласқан.

Мағжан Жұмабаев “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Мүшелік еткен уақытында “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

“Мен жастарға сенемін!” деп ұрандатқан Мағжан 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

Ол 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Пікірлер