Экс-шенеуніктің компаниясына пайдалы қазбаларды бақылауға құқық берілмек

1279
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

«Keneitu Ltd.» жеке компаниясына Абай және Маңғыстау облыстарында қатты пайдалы қазбаларды барлауға айрықша құқық берілетін болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Жеке компания Бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабикеновке тиесілі.  Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 2-тармағы, 2024 жылғы 29 мамырдағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының 6.2-тармағына сәйкес Үкімет қатты пайдалы қазбаларды барлауға айрықша құқық береді. Абай облысындағы «Шунай» кен орны бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға байыту-өндірістік кешен салуға (қуаты 100 мың тонна катодты мыс, инвестиция көлемі кемінде 300 млрд теңге және 800 жұмыс орнын құру). Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы «Айт-Көкше» кен орны бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға электролиттік марганец өндіруін (қуаты 20 мың тонна, инвестиция көлемі кемінде 45 млрд теңге және 150 жұмыс орнын құру) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп жазылған құжатта.

Оған Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойған. Құжатты талқылау 9 шілдеге дейін жалғаспақ.

Пікірлер