Сирияға еркінен тыс барған әйел балаларымен арпа, шөп жеп күн көрген

3757
Adyrna.kz Telegram
Жат ағымның жетегінде кеткен қазақстандық әйелдер Сирияда бала-шағасымен арпа, шөп жеп әрең аман қалған.
Сириядан оралған әйелдер күйеулері қақтығыс алаңында қайтыс болғаннан кейінгі адам сенгісіз оқиғаларымен бөлісті, деп хабарлайды 31-арна.

Жат ағымның жетегінде кеткен қазақстандық әйелдер Сирияда бала-шағасымен арпа, шөп жеп әрең аман қалған. Туған жерлеріне жету үшін төрт тәулік бойы жаяу жүріп келіпті. «Жусан» операциясымен елге оралғандардың ішінде қарағандылықтар да бар.

«Жолға шыққанымызда маған Сирияға кетіп бара жатқанымызды айтты. Сол сәтте шок жағдайында тұрдым. «Қалай Сирияға? Әйелдер ол жақта не істейді? Ол жақта соғыс болып жатыр емес пе?» дедім. Ал ол күйеуі айтқанды әйелінің орындауы керектігін айтты. Жыладық, шу шығардық. Мұның барлығы жолда болды», - дейді қарағандылық әйел.

Сондай-ақ, ол Сирияда жүріп өздерінен бұрын балалардың қиналғанын айтады. Себебі, ас жоқ болғандықтан, көшеден тапқандарын жеуге мәжбүр болған екен.

«Кенжеме 40 күн толған еді. Ол шетінеп кетті. Кейін әрі-бері көшіп жүрдік. Бірақ соңғы жарты жылда далада тұрдық. Ол жақта тамақ болмады, жуынды ішіп, шөп жедік. Аштан өлмеу үшін адам кез келген нәрсені жей береді екен. Мұндай асты балалардың асқазанының көтермегені рас. Мұны адамдар жемейді ғой», - дейді ол.

Бұдан өзге ол Сирияда соңғы уақытта кімнің кім екеніне қарамай бәрін бомбалап жатқанын айтып налыды. Тіпті, кішкене бүлдіршіндерге дейін аямаған екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер