Айгүл ОРЫНБЕК: 21 мыңды әйелдердің 21 жерінен шығардыңдар

4042
Adyrna.kz Telegram

21 мың теңге жыры қашан бітеді?

21 мыңды алалмай, көмек сұрап, жылып жүрген әйелдер аздай, енді қайтару керек дегендер мазалауда!
Ақшаны беретін кезде жергілікті атқарушы қызметкерлер шарттарын ескертпеген. Өздері түсінбеген болу керек. Шартты, шартсыз мал алғансың, алмағансың сияқты көп әңгімелер өрбіп жатқан көрінеді. Қателеспесем бізде министрлік, оның ішінде қаншама қызметкерлер бар. Бірақ осы 21 мың теңгені кім алады? Қалай алады? Қалай қайтаруы керек немесе қайтармайды, мақсаты, шарттары туралы неге видео ролик жасап WhatsApp желісі арқылы таратпайды? Неге мен жауап беруім керек? Сендер не үшін айлық алып отырсыңдар? Берген 21 мың теңгелеріңді, әйелдердің 21 жерінен шығардыңдар ғой! Дұрыстап түсіндірме жұмыстарын жүргізіңдер!Сосын коттедж барлар 21 мыңды алыпты депті министр! Сонда 18 ақ миллион халықтың кімге көмек керек, кімге керек емесін әлі біле алмай жүрсіңдер ме?
Қашан жұмыстарыңның нәтижесін көреміз? Шығарған реформаларың үнемі арты айқай шу, құрдымға кетеді. Қашан жүйелі жұмыс үйренесіңдер?
Ал әйелдерге айтарым маған шығудың қажеті жоқ. Интернеттен Сапарбаевтың қызмет нөмірін тауып, сол жаққа телефон шалыңыздар!
Сол кісі шешеді бұл мәселені!

Айгүл ОРЫНБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер